Қазақстан мен Оңтүстік Корея жасанды интеллект саласындағы серіктестікті дамытуға ниетті. Сеулде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев бастаған қазақстандық делегация LG AI Research президенті Хонлак Лимен кездесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Tech-news.
Кездесуде тараптар жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жұмысты талқылады. Қол қойылған құжат екі елдің AI саласындағы байланысын нығайтуға негіз болады.
LG AI Research — LG тобының жасанды интеллект технологияларын зерттейтін ғылыми-зерттеу орталығы. Компания AI модельдерін, машиналық оқыту және басқа да зияткерлік технологияларды дамыту бағытында жұмыс істейді.
Қазақстан үшін мұндай серіктестік жасанды интеллект экожүйесін дамытуға, технологиялық сараптамамен алмасуға және болашақ бірлескен жобаларға жол ашуы мүмкін.
Меморандум аясындағы нақты жобалар, олардың мерзімі мен іске асыру тетіктері әзірге жарияланған жоқ.










