Железо и софт

Қазақстанда 3,8 мың медицина қызметкері смарт-бейнежетон алады

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейту үшін цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 2,1 мың жедел жәрдем бригадасы мен 3,8 мыңнан астам медицина қызметкерін смарт-бейнежетондармен қамту жоспарланған, деп хабарлайды Tech-news. 

Бұл туралы «Қазақтелеком» өкілі Бахтияр Қожахметов мәлімдеді.

Смарт-бейнежетондар қауіпті жағдайларды тіркеп, оқиға туралы ақпаратты жедел қызметтерге жеткізуге мүмкіндік береді. Медицина қызметкеріне қауіп төнген жағдайда құрылғы полицияның жедел басқару орталығына сигнал жібере алады.

Медицина саласындағы цифрландыру тек қауіпсіздікпен шектелмейді. Вакциналарды сақтау және тасымалдау жағдайын бақылауға арналған «Суық тізбек» жүйесі де енгізілуде. Ол температура датчиктері мен GPS-мониторинг арқылы препараттардың жағдайы мен қозғалысын қадағалайды.

Ал ауыл тұрғындарына медициналық көмекті қашықтан алу үшін телемедициналық кешендер қолданысқа енгізілген. Олар қазір ауылдық жерлердегі 655 медициналық ұйым мен ҚАЖ жүйесінің 72 мекемесін қамтиды.

Телемедицина арқылы қашықтан 24-ке дейін зерттеу түрін жүргізуге болады. Бұл шалғай елді мекендердегі пациенттерге мамандардың кеңесін алуға және бірқатар медициналық тексеруден қашықтан өтуге мүмкіндік береді.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *