Искусственный Интеллект

AI кибершабуылдарды қалай өзгертеді: AI & Digital Bridge 2026-да сарапшылар талқылайды

2 қазанда Астанада өтетін AI & Digital Bridge 2026 форумында сарапшылар жасанды интеллектінің кибершабуылдар мен цифрлық қорғанысқа ықпалын талқылайды. «Кибершабуылдар мен киберқауіпсіздіктегі AI» панельдік сессиясында жаңа қауіптермен қатар, деректер мен цифрлық инфрақұрылымды қорғау тәсілдері қарастырылады, деп хабарлайды Tech-news. 

Талқылау AI технологиялары кең тараған жағдайда бизнес, мемлекеттік платформалар және маңызды цифрлық сервистер қандай қатерлерге тап болуы мүмкін деген мәселеге арналады.

Сессияға Positive Technologies компаниясының бизнес жөніндегі кеңесшісі әрі бас евангелисі Алексей Лукацкий қатысады. Киберқауіпсіздік саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар сарапшы қауіпсіздіктің бизнес стратегиясындағы орнын сөз етеді.

Шабуылдарды модельдеу бағытын Secure Yeti компаниясының маманы Джейсон Стрит таныстырады. Ол ұйымдар мен олардың қызметкерлеріне бағытталуы мүмкін кибершабуылдарды алдын ала модельдеп, шабуылдаушылар пайдалануы ықтимал осал тұстарды анықтауға көмектеседі.

Панельде төлем инфрақұрылымының қауіпсіздігі де қаралады. Mastercard компаниясының өнімдер және нақты уақыттағы төлемдерді коммерциялық дамыту жөніндегі атқарушы вице-президенті Хелена Форест цифрлық төлемдерге төнетін қауіптер мен пайдаланушылар сенімінің маңызын талқылайды.

Технологиялық бағытты киберқауіпсіздік және AI инфрақұрылымы саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар тәуелсіз кеңесші Денис Ласков толықтырады. Ол бұған дейін Mercedes-Benz, EY, ActiveFence және IBM Trusteer компанияларында жұмыс істеген.

Пікірталасты Қазақстандағы TSARKA компаниясының президенті Олжас Сатиев жүргізеді.

Сарапшылар үшін негізгі мәселе — AI технологияларын енгізу қарқын алған кезде деректерді, бизнесті және цифрлық инфрақұрылымды жаңа буын киберқауіптерінен қорғаудың тиімді жолдарын анықтау.

AI & Digital Bridge 2026 форумы 1–3 қазан аралығында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді. 1 қазандағы бағдарлама мемлекеттік органдар басшыларына, халықаралық делегациялар мен технологиялық индустрия өкілдеріне арналған және шақыру арқылы өткізіледі. Ал 2–3 қазандағы негізгі бағдарлама билет иелері үшін ашық.

Форумды Astana Hub халықаралық инновациялық кластері Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен және Астана әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырады.

Биылғы форумның басты ұстанымы — Kazakhstan is the Eurasian AI Hub. Бағдарламада жасанды интеллект, цифрлық инфрақұрылым, технологиялық кәсіпкерлік, инвестиция және киберқауіпсіздікке қатысты мәселелер қамтылған.

Форумның хедлайнерлері қатарында Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасан, Higgsfield AI компаниясының негізін қалаушы әрі техникалық директоры Ерзат Дулат және Crimson Education компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Джейми Битон бар.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *