Искусственный Интеллект

OpenAI GPT-6.2 Astra және Sol модельдерін таныстырды

OpenAI GPT-6.2 Astra және GPT-6.2 Sol атты екі жаңа жасанды интеллект моделін ұсынды. Astra күрделі кәсіби тапсырмаларға арналса, Sol күнделікті жұмыс пен бірнеше кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындауға бейімделген, деп хабарлайды Tech-news. 

GPT-6.2 Astra презентация, кесте, құжат әзірлеу және бағдарламалау жұмыстарында тиімдірек жұмыс істейді. Сонымен қатар модельдің компьютер интерфейстерімен әрекеттесу мүмкіндіктері кеңейтілген. Ол CAD және симуляция құралдарында жұмыс істеп, сайттар құрастыра алады, сондай-ақ 3D жобаларды әзірлеуге қатысады.

GPT-6.2 Sol күнделікті жұмыс процестеріне арналған модельдің жаңартылған нұсқасы. OpenAI мәліметінше, ол табиғи әрі түсінікті мәтіндер жазады және бірнеше әрекетті бірінен соң бірін тиімді орындайды. Бағдарламалау бойынша кейбір сынақтарда Sol нәтижелері Astra көрсеткіштеріне жақындаған.

Екі модель де ChatGPT Work және Codex платформаларында Plus, Pro, Enterprise және Edu жазылымы бар пайдаланушыларға қолжетімді. Әзірлеушілер оларды API арқылы да пайдалана алады. API каталогында модельдер gpt-6.2-astra және gpt-6.2-sol атауларымен берілген.

OpenAI жаңа модельдердің API арқылы қолданылу бағасын да нақтылады. GPT-6.2 Astra моделіндегі кіріс және шығыс токендерінің құны GPT-6 Astra нұсқасымен салыстырғанда 20%-ға төмендеген. Ал GPT-6.2 Sol бағасы GPT-6.1 Sol деңгейінде сақталған.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *