Искусственный Интеллект

DeepSeek чат-ботына сұраныс шектеулерін енгізді

Қытайлық DeepSeek компаниясы есептеу ресурстарының тапшылығына байланысты чат-ботының веб-нұсқасы мен мобильді қосымшасында пайдаланушыларға арналған жаңа шектеулер енгізді. Енді сервис ұзақ уақыт қолданылмаған диалогтарды сақтамайды, ал бір сұраныстың көлемі мен күнделікті пайдалану мөлшері шектелді, деп хабарлайды Tech-news. 

Компанияның хабарлауынша, жеті күннен астам уақыт бойы белсенділік болмаған ұзақ диалогтарды жалғастыру мүмкіндігі тоқтатылған. Мұндай әңгімелерді қайта ашуға тырысқан пайдаланушыларға есептеу қуатының жетіспейтіні туралы ескерту көрсетіледі.

DeepSeek бір сұраныстың көлемін шамамен 40 мың таңбаға дейін қысқартты. Бұған қоса, күнделікті пайдалану квотасы енгізілді. Белгіленген шекке жеткенде жүйе серверлерге түсетін жүктеменің жоғары екенін және тәуліктік лимиттің таусылғанын хабарлайды.

Бұл өзгерістер сервистегі техникалық ақаулар жиілеген тұста енгізіліп отыр. Қазан айынан бері DeepSeek платформасында чат-бот пен V4 Pro және V4.1 Flash модельдерінің API қызметтеріне қатысты кемінде бес рет ішінара үзіліс тіркелген. Ең ұзақ ақау 15 қазанда болып, бес сағатқа созылған.

Жаңа шектеулер тек мобильді қосымша мен веб-нұсқаға қатысты. Әзірлеушілерге арналған API бұрынғыдай бөлек тарифтермен жұмыс істейді. Онда сұраныстардың көлемі мен пайдалану шарттары жеке белгіленген.

Шектеулерге байланысты әлеуметтік желі қолданушылары DeepSeek-ке ақылы жазылым жүйесін енгізуді ұсынып жатыр. Олардың пікірінше, жоғары лимиттер мен тұрақты жұмысқа кепілдік беретін ақылы тарифтер сервисті пайдалануды жеңілдетуі мүмкін.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *