TopИскусственный Интеллект

Meta ми деректерін жинау жобасын кеңейтеді

Meta компаниясы Digital Brain Project жобасы аясында жиналатын ми қызметіне қатысты деректер көлемін 15 мыңнан 25 мың сағатқа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Жоба зерттеушілерге адам миының жұмысын зерттеуге арналған деректерді ашық пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Tech-news. 

Бұл туралы компания Менло-Парктегі штаб-пәтерінде өткен Open Source AI for Science Summit жиынынан кейін хабарлады. Кездесуге университеттер, ауруханалар мен технологиялық компаниялардың зерттеушілері қатысты. Олар медицина, нейроғылым, химия, материалтану және математика салаларында ашық AI модельдері мен деректерін қолдану жолдарын талқылады.

Жиын барысында Meta UMA Nitro моделін де таныстырды. Бұл — Universal Model for Atoms жүйесінің жылдамдатылған нұсқасы. Ол материалдар мен молекулалардың қасиеттерін зертханада сынақ жүргізбей тұрып, компьютер арқылы модельдеуге арналған.

Сонымен қатар компания UMA Playground сервисін ұсынды. Платформа молекулалар мен химиялық реакцияларды визуалды түрде зерттеуге мүмкіндік береді. Қазір сервис Discovery Education платформасы арқылы жоғары сыныптарға сабақ беретін химия мұғалімдеріне қолжетімді.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *