Индустрия

Еуропа ғарыштағы тәуелсіздігін күшейтпек: Парижде халықаралық саммит өтіп жатыр

9–10 қыркүйекте Парижде Халықаралық ғарыш саммиті өтіп жатыр. Еуропалық көшбасшылар мен ғарыш саласының өкілдері құрлықтың ғарыштағы технологиялық тәуелсіздігін күшейту, инновация мен инвестицияны арттыру мәселелерін талқылауда, деп хабарлайды Tech-news. 

Саммитке Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен, атқарушы вице-президенттер Хенна Вирккунен мен Стефан Сежурне, сондай-ақ Еуропалық қорғаныс комиссары Андриус Кубилиус қатысуда.

Іс-шараны Франция президенті Эммануэль Макрон мен Германия бірлесіп өткізуде. Макрон саммиттің арнайы елшілері ретінде ғарышкер Томас Песке мен кәсіпкер Элен Хубиді тағайындады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жиынға шамамен 120 елден 2000-ға жуық қатысушы мен делегация келеді деп күтілуде.

Саммиттің негізгі тақырыптарының бірі — Еуропаның ғарыш саласындағы дербестігін арттыру. Эммануэль Макрон Еуропа ғарыш технологиялары бойынша өз мүмкіндіктерін күшейтіп, инновация мен инвестицияға көбірек көңіл бөлуі керек екенін айтты.

«Еуропа өз тағдырын, соның ішінде ғарыштағы тағдырын да өз қолына алып жатыр», — деп жазды Франция президенті. Оның пікірінше, бұл қадам ғарыш кеңістігінде тәуелсіз әрі қуатты Еуропа құруға мүмкіндік береді.

Ғарыштың қорғаныс саласындағы рөлі де саммиттің күн тәртібіне енді. Андриус Кубилиус қорғаныс министрлерімен бірге ғарыш технологияларын қорғаныс мақсатында пайдалану мәселесін талқылайды. Сонымен қатар ол еуропалық ғарыш индустриясының жаһандық бәсекелестіктегі орнына арналған сессияға қатысады.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *