TechПолитикаTop

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан–Қытай цифрлық көпірін құруды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасында ортақ цифрлық кеңістік қалыптастыруға бағытталған «Қазақстан–Қытай цифрлық көпірі» бастамасын ұсынды. Жоба цифрлық сауданы дамытуға және «Бір белдеу, бір жол» аясындағы цифрлық экономикалардың ықпалдастығын күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Tech-news. 

Президенттің айтуынша, жаңа бастама екі ел арасындағы технологиялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруы тиіс. Бұл платформа өндіріс, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және су ресурстарын басқару сияқты негізгі салаларда жасанды интеллектіні кеңінен әрі қауіпсіз енгізуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы ЖИ технологияларын дамыту тек инфрақұрылыммен шектелмей, ортақ ережелерге де сүйенуі қажет екенін атап өтті. Оның пікірінше, ұлттық саясат пен заңнаманы өзара үйлестіру, сондай-ақ жасанды интеллект жүйелерін тестілеу және сертификаттаудың бірыңғай стандарттарын әзірлеу маңызды қадам болмақ.

Сонымен қатар Тоқаев жасанды интеллектіні заңсыз немесе зиянды мақсатта пайдалануға қарсы бірлескен қорғаныс тетіктерін қалыптастыруды ұсынды. Әңгіме кибершабуылдар, дипфейктер, цифрлық алаяқтық және басқа да цифрлық қауіптердің алдын алу туралы болып отыр.

Президент тағы бір бастама көтеріп, келесі жылды Қазақстан мен Қытайда Жасанды интеллект саласындағы бірлескен бастамалар жылы деп жариялауды ұсынды. Оның айтуынша, Қытай тарапы бұл ұсынысты қолдаса, Қазақстан оны жоғары бағалайды.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *