TechЭкономика

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның жаңа басшысы тағайындалды

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып Шыңғыс Айдарбекұлы Оразалимов тағайындалды. Ол бұл қызметке 30 қазаннан бастап кірісті. Тиісті шешімді компанияның директорлар кеңесі қабылдады, деп хабарлайды Tech-news. 

Шыңғыс Оразалимов 1994 жылы 23 қаңтарда дүниеге келген. 2015 жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ал 2017 жылы жобаларды басқару бағыты бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2014 жылы digital-маман ретінде бастаған. 2019 жылға дейін Smart Digital Consulting, KulanOil, «Қазпошта», «Самұрық-Қазына Контракт», Астана халықаралық қаржы орталығының FinTech Hub және Toolpar ұйымдарында жұмыс істеген.

2019 жылдың шілдесінен 2021 жылдың қаңтарына дейін BTS Digital компаниясында өнім менеджері қызметін атқарды.

2022–2023 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында бірқатар басшылық лауазымда жұмыс істеді. Атап айтқанда, Стратегиялық даму департаментін және Фронт-офистерді үйлестіру департаментін басқарды. Кейін цифрландыру жобаларына жетекшілік етіп, IT бағыты бойынша басқарушы директор болды.

2023 жылдың маусымынан 2024 жылдың сәуіріне дейін мемлекеттік корпорация басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Ал 2024 жылдың шілдесінен бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеп келді.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *