TechЭкономика

Қазақстанда $60 млн-ға дейінгі активтерді токенизациялау жобалары іске қосылады

Қазақстан цифрлық активтер нарығын реттелетін жүйеге көшірумен қатар, токенизация мен стейблкоиндерді дамытуға кіріседі. 2026 жылдың соңына дейін Iconic Tower кешені мен Birlik логистикалық орталығын цифрлық токендерге айналдыруға бағытталған екі жоба іске қосылуы жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tech-news. 

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Жоспарлар Президенттің 2026 жылғы 7 шілдедегі цифрлық активтер индустриясын дамытуға бағытталған Жарлығын іске асыру аясында жүзеге асырылады.

Iconic Tower жобасының токенизация көлемі $50 млн-ға дейін, ал Birlik логистикалық орталығы бойынша $10 млн-ға дейін жетуі мүмкін. Екі жоба да Ұлттық банктің реттеуші «құмсалғышы» және KASE инфрақұрылымы арқылы іске асырылмақ.

Сонымен қатар Қазақстанда лицензияланған провайдерлердің мүмкіндіктерін кеңейту көзделіп отыр. Елде шығарылған стейблкоиндерді тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуге, экспорт-импорт операцияларына және трансшекаралық аударымдарға пайдалану жоспарланған.

Мұндай құралдар халықаралық есеп айырысуды жылдамдатып, бизнес шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Цифрлық активтер нарығын дамыту үшін арнайы салық режимін енгізу де қарастырылып отыр. Бұдан бөлек, Ұлттық банк жанынан Цифрлық активтер және төлем жүйелері комитеті құрылады.

Жоспарланған шаралар цифрлық активтермен байланысты операцияларды реттелетін ортаға көшіруге, инвесторларды қорғауды күшейтуге және Қазақстанды өңірлік криптохаб ретінде дамытуға бағытталған.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *