Искусственный Интеллект

Яндекс ЖИ арқылы ЖКО белгілерін жолаушы хабарласпай тұрып анықтайды

Жасанды интеллект пен смартфон датчиктері такси сапарларындағы ықтимал жол-көлік оқиғаларын адам хабарлағанға дейін анықтауға көмектеседі. Қазір осындай цифрлық алгоритмдер Yandex такси қызметіндегі оқиғалардың 24,3%-ын автоматты түрде анықтайды, деп хабарлайды Tech-news. 

Бұл туралы Үкімет отырысында «Yandex Qazaqstan» бас директоры Тимур Шалекенов мәлімдеді.

Жүйе сапардың әр кезеңінде жұмыс істейді. Сапар басталмай тұрып ЖИ жүргізушінің құжаттарын тексеріп, жалған құжаттарды анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар маршруттың күрделілігін бағалап, жүргізушінің тәжірибесін ескереді.

Сапар кезінде алгоритмдер көліктің қозғалысын, бағытын және аялдамаларын талдайды. Смартфонның акселерометр сияқты датчиктерінен алынған деректер арқылы жүйе апатқа тән белгілерді байқаса, жолаушы немесе жүргізуші хабарласпай тұрып-ақ қауіпсіздік қызметінің әрекетін бастай алады.

Маршруттағы күмәнді ауытқулар мен көліктің әдеттен тыс ұзақ аялдауы да автоматты түрде бақыланады. Бұл ақпарат тәулік бойы жұмыс істейтін 40-тан астам маманы бар қауіпсіздік тобына беріледі.

Компанияның дерегінше, Yandex арқылы жасалған сапарлардың 99,9%-ы оқиғасыз өтеді. Ал бір миллион шақырымға шаққандағы ЖКО саны 17%-ға азайған.

Цифрлық технологиялар платформалық жұмыспен қамту саласында да қолданылады. Қазір Yandex сервистері арқылы Қазақстанда жүздеген мың адам табыс табады. Бір жыл ішінде платформа арқылы жұмыс істейтіндердің саны шамамен төрт есеге өскен.

2024–2026 жылдары платформадағы қызметкерлер мен серіктестерден түскен салықтар мен әлеуметтік төлемдердің жалпы көлемі шамамен 20 млрд теңгеге жеткен. Компания бұл жүйе табыс табу мүмкіндігін сақтай отырып, платформалық жұмыспен байланысты төлемдердің ашықтығын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *