Авто

Автономды Kodiak жүк көліктері Техас жолдарына 2026 жылдың соңында шығады

Kodiak Robotics Техаста жүргізушісіз жүк тасымалын іске қосуды жоспарлап отыр. Компания алғашқы автономды жүк көлігін 2026 жылдың соңына дейін жолға шығарып, 2027 жылдан бастап өндіріс көлемін арттырмақ, деп хабарлайды Tech-news. 

Компанияның негізін қалаушы әрі бас директоры Дон Бернеттің айтуынша, бастапқы кезеңде жүк көліктері жүргізушісіз 200 мильден (шамамен 320 км) сәл асатын қашықтыққа қатынайды. Алғашқы көлікті іске қосқаннан кейін автономды жүк көліктерінің санын біртіндеп көбейту көзделген.

Kodiak жүк көліктерінің қозғалысын басқаратын жасанды интеллект негізіндегі бағдарламалық жасақтаманы әзірлейді. Ол көліктің айналасын бақылап, жол жағдайына қарай әрекет етуіне мүмкіндік береді.

Жобаның алғашқы серіктестерінің бірі — IKEA. Компания автономды тасымалды пилоттық жобаның келесі кезеңінде, 2026 жылдың соңына қарай, іске қоспақ.

Kodiak өкілдері технологияның қауіпсіздігі мен сенімділігін сынақтар барысында тексергенін айтады. Автономды көлік күтпеген жағдайға тап болса, жүйе оны қауіпсіз тоқтатып, жол жиегіне шығара алады.

Егер жүк көлігі жолдағы жағдайды анықтай алмаса немесе қозғалысын жалғастыруға мүмкіндік болмаса, ол көмек шақырады. Мұндай жағдайда компания мамандары көлікке барып, мәселені орнында шеше алады немесе оған қашықтан көмектеседі.

Осылайша Kodiak автономды жүргізуді тек көлікті өздігінен басқарумен шектемей, жолдағы төтенше жағдайларды өңдеу және қашықтан қолдау жүйесімен бірге енгізіп отыр.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *