Искусственный Интеллект

eGov GPT жыл соңына дейін 150 мемлекеттік қызметті қамтиды

Қазақстанда eGov GPT арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны жыл соңына дейін 150-ге жеткізілмек. Қазір цифрлық көмекші арқылы 51 қызмет қолжетімді, деп хабарлайды Tech-news. 

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Жаңа жүйе Digital Qazaqstan стратегиясы аясында мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға бағытталған. Қазір мемлекеттік цифрлық жүйелерді QazTech платформасына көшіру жоспары 92%-ға орындалған.

Мәдиевтің айтуынша, жыл соңына дейін eGov GPT-ке ең көп сұранысқа ие 150 қызмет қосылады. Олар мемлекеттік қызметтер бойынша жалпы трафиктің шамамен 80%-ын қамтиды.

Жасанды интеллект қазірдің өзінде e-Otinish жүйесінде де қолданылып жатыр. Оның көмегімен 3,2 млн-нан астам өтініш өңделген. Ал «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы проактивті әлеуметтік қолдау 3 млн пайдаланушыға көрсетілуде.

Мемлекеттік қызмет көрсету инфрақұрылымы да өзгеріп жатыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарын цифрлық кеңселерге айналдыру жұмысы басталды. Мұндай кеңселерде азаматтар eGov GPT орнатылған арнайы терминалдар арқылы қажетті қызметтерді өз бетінше ала алады.

Қазір Қазақстанның төрт өңірінде бес цифрлық кеңсе жұмыс істейді. Тағы 10 өңірде оларды іске қосуға қажетті қаржыландыру мәселесі шешілген.

Жоспар бойынша, 2028 жылға қарай жасанды интеллект негізіндегі мемлекеттік қызметтердің үлесі 40%-ға жетуі тиіс. Ал 2029 жылға қарай қызмет алу уақыты екі есе қысқартылмақ.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *