Top

Digital Qazaqstan: Қазақстан экономикасы мен мемлекеттік басқару жүйесі ЖИ негізінде жаңғыртылады

 

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыру барысы қаралды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен қабылданған «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы экономиканың негізгі салаларындағы ауқымды өзгерістердің бағдарын айқындап берді. Бұл құжат біздің алдымызға цифрландыру мен жасанды интеллект негізінде экономиканы және мемлекеттік басқаруды жүйелі түрде жаңғырту міндетін қойып отыр»,  — деп атап өтті Премьер-министр.

«Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асырудың негізгі бағыттары бойынша Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын  Нағаспаев, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, «ҚазМұнайГаз» компаниясы басқармасының төрағасы Асхат Хасенов, «Қазақстан темір жолы» компаниясының басқарма төрағасы Елжас Отыншиев баяндама жасады.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *