TechЭкономика

Binance $2,5 млрд-тан астам криптоактивті бұғаттады

Binance криптобиржасы ықтимал хакерлік шабуылдан кейін $2,5 млрд-тан астам цифрлық активті бұғаттады. Компания бұл қадамды тергеу аяқталғанша ұрланған қаражаттың әрі қарай қозғалуына жол бермеу үшін жасаған, деп хабарлайды Tech-news 

Binance-тің бұрынғы басшысы әрі ірі акционері Чанпэн Чжао платформаның хакерлік шабуылға ұшырағанын растағандай пікір білдірді.

Компания өкілдерінің айтуынша, бұғатталған активтердің көлемі әлі де өсуі мүмкін. Қазір Binance құқық қорғау органдарымен және серіктестерімен бірлесіп, ұрланған қаражатты іздеп, анықталған активтерді бұғаттап жатыр.

Бұл іске басқа криптокомпаниялар да қосылған. Чанпэн Чжаоның мәліметінше, Tether мен Circle платформалары да жалпы сомасы шамамен $1,7 млрд болатын ұрланған активтерді бұғаттаған.

Ал Circle бас директоры Джереми Аллейр Binance-ке әсер етуі мүмкін осалдық туралы ақпаратты мұқият бақылап отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, компания осы оқиғаға қатысы бар $800 млн-нан астам активті бұғаттаған.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *