TechОбщество

Тоқаев Network School жобасын қолдауға дайын екенін мәлімдеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанмен кездесіп, елдегі технологиялық білім мен инновациялық экожүйені дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Tech-news. 

Кездесу барысында Астанада Network School Kazakhstan желісін іске қосу және жобаның қазақстандық университеттермен, стартаптармен әрі технологиялық компаниялармен байланысын кеңейту жоспары сөз болды.

Мемлекет басшысы Network School жобасының Қазақстандағы технологиялық ортаның қалыптасуына қосқан үлесін атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан технологияны терең меңгерген жаңа буын мамандарын даярлауға басымдық беріп отыр. Бұл бағытта білімге, ғылымға және цифрлық дағдыларды дамытуға инвестиция салынуда.

Кездесуде Президент жуырдағы Жолдауында жарияланған «Халықтық құрылыс» бастамасына да тоқталды. Жоба аясында мектептер, университеттер мен медициналық мекемелер сияқты әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу жоспарланған. Мемлекет басшысы бұл бастаманың келешек ұрпақ үшін маңызды мұра болатынын атап өтті.

Сонымен қатар Тоқаев Network School Kazakhstan жобасының Астанада іске қосылуын құптады. Жоба алдағы уақытта Қазақстанның жоғары оқу орындарымен, стартаптарымен және технологиялық кәсіпорындарымен серіктестікті кеңейтуді көздейді.

Президент Баладжи Шринивасанға Astana AI Film фестиваліне инвестициялық қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Өз кезегінде Network School негізін қалаушы Қазақстанның дәстүрлі экономика салаларын озық технологиялармен ұштастыру бағытындағы әлеуетін жоғары бағалады. Сондай-ақ ол Network School Kazakhstan жобасының негізгі бағыттарын таныстырды. Олардың қатарында цифрлық шешімдерді дамыту, адами капиталды нығайту және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қолайлы орта қалыптастыру бар.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *