TechЭкономика

Илон Маск пен өзге кәсіпкерлер Дженсен Хуангты Nvidia-ға қайтаруды талап етті

Tesla, Epic Games және Y Combinator басшылары Дженсен Хуангтың Nvidia компаниясына қайта оралуын қолдап отыр. Кәсіпкерді қызметіне қайтаруды талап еткен Stand with Jensen онлайн-петициясына 160 мыңнан астам адам қол қойған. Бұл туралы CNBC хабарлады, деп хабарлайды Tech-news. 

1993 жылы Nvidia компаниясының негізін қалаған Дженсен Хуанг өткен аптада бас директор, президент және директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерінен кеткен еді. Бұған оның жеке өміріне қатысты жанжал себеп болған.

Хуангты қолдаушылар қатарында Tesla басшысы Илон Маск, Epic Games негізін қалаушы Тим Суини және Y Combinator жетекшісі Гарри Тан бар. Олар кәсіпкердің компанияға қайта оралуын талап етіп, бұл мәселені ашық көтеріп отыр.

Financial Times мәліметінше, Хуанг өзінің жақын ортасымен Nvidia-ға қайта оралу мүмкіндігін талқылаған. Оны қолдайтын топ компанияның директорлар кеңесіне қысым көрсету науқанын ұйымдастыруды, тіпті Ақ үйдің қолдауына жүгінуді жоспарлап отыр.

Кәсіпкерді ірі инвесторлар да жақтады. Олардың арасында Altimeter Capital басшысы Брэд Герстнер мен Atreides Management өкілі Гэвин Бейкер бар. Олар Nvidia директорлар кеңесін Хуангқа қатысты жағдайды әділ қарастыруға және түпкілікті шешім қабылдауға асықпауға шақырды.

Дегенмен оның қызметіне қайта оралуы әзірге екіталай. Nvidia ішкі тергеу жүргізіп жатқанда, АҚШ заң шығарушылары да бұл жанжалдың ұлттық қауіпсіздік пен елдің технологиялық көшбасшылығына ықтимал әсерін зерттеуге дайындалып жатыр.

Уолл-стрит сарапшыларының пікірі де екіге бөлінді. Seaport Research Partners өкілдері құқықтық мәселелер реттелген жағдайда Хуангтың компанияға қайта келу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ал сарапшы Дэн Айвз мұндай сценарийді жүзеге асуы екіталай деп бағалайды.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *