«Самұрық-Энерго» компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов жаңа электр стансаларына заманауи цифрлық және экологиялық шешімдер енгізілетінін атап өтті, деп хабарлайды Tech-news.
Атап айтқанда, стансаға жабдықтардың жай-күйін бақылау датчиктері орнатылып, жабдықтың жұмысындағы ауытқуларды уақтылы анықтау үшін болжамды талдау тәсілі қолданылады.
Сондай-ақ заманауи «таза көмір» технологиялары енгізілетін болады. Олар:
- азот тотығының (NOx) қалдықтарын азайтуға арналған төмен эмиссиялық ошақтар;
- NOx-ты қосымша тағы тазартуға арналған SCR жүйелері;
- күлді тұтып қалуға арналған электростатикалық және оқпан сүзгілері;
- әрбір қазандыққа орнатылатын арнайы күкірт тазарту реакторлары.
«Бұл зиянды заттардың қалдықтарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Жаңа стансалар ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына сай болады», – деп атап өтті Қайрат Мақсұтов.










