TechЭкономика

Илон Маск АҚШ-тағы әр балаға SpaceX акциясын беруді жоспарлап отыр

Илон Маск келесі жылы АҚШ-тағы әр балаға SpaceX компаниясының бір акциясын беруді көздеп отыр. Кәсіпкер X әлеуметтік желісінде бұл бастама алдағы уақытта жүзеге асырылатын бірнеше қайырымдылық жобасының алғашқысы болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tech-news. 

Маск акцияларды балаларға нақты қалай үлестіретінін әзірге түсіндірген жоқ. Алайда New York Post басылымының жазуынша, ол қаражатты АҚШ-та балаларға арналған салықтық жеңілдіктері бар инвестициялық шоттар ашуға мүмкіндік беретін Trump Accounts бағдарламасына аударуы мүмкін.

Бағдарламаға 2025 жылдың қаңтарынан 2028 жылдың соңына дейін АҚШ-та дүниеге келген балалар қатыса алады. Қазір бұл бастама аясында 70 миллионға жуық бала тіркелген.

Осы айда Ақ үй бағдарламаға ірі көлемде қаржы бөлінгенін хабарлады. Қолдау көрсеткендердің қатарында АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент, Ішкі кірістер қызметінің басшысы Фрэнк Бизиньяно, Dell Technologies компаниясының негізін қалаушы Майкл Делл мен оның жұбайы Сьюзан Делл, сондай-ақ Altimeter Capital инвестициялық фирмасының негізін қалаушы Брэд Герстнер бар.

Масктың мәлімдемесінде акцияларды тарату тетігі мен жобаның қаржылық шарттары нақтыланбаған. Сондықтан оның бастамасы Trump Accounts бағдарламасымен тікелей байланысты екені әзірге расталған жоқ.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *