Премьер-Министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі (Министрдің орынбасары деңгейінде) Лю Биньмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Tech-news.
Қазақстанда 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғандықтан, ЖИ саласы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің негізгі «өсу нүктесіне» айналуда.
Ынтымақтастықтың басты бағыттары:
Жаһандық бастамалар: Қазақстан технологиялық болашақты бірлесіп қалыптастыру мақсатында Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық жөніндегі дүниежүзілік ұйым құру бастамасын қолдайды.
Өңірлік хаб: Astana Hub және Alem.Ai алаңдары қытайлық IT-гиганттардың жұмысын локализациялауға және еуразиялық кеңістікте цифрлық шешімдерді кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Цифрлық трансформация өзара іс-қимылға жаңа серпін беріп, елдер арасындағы ұзақ мерзімді серіктестікті нығайтуға ықпал етеді.










