Без категории

Ақпарат пен байланыс саласына салынған қаржы екі есе өсті

Биылғы жылдың1 тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 3%-ды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі А.К. Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды Tech-news.

Осы жылдың ерекшелігі – қалыптасқан жағдайға байланысты экономика мұнай саласын есепке алмағанда өсуде. Нақты сектордағы өсу 2,1%-ды, көрсетілетін қызметтер өндірісі 3,7%-ды құрады.

Салалар арасында құрылыс, көлік қызметтері және өңдеу өнеркәсібі ең жоғары өсуді көрсетті.

Сауда 4,8%, байланыс қызметтері 3,9%, ауыл шаруашылығы 3,4% өсті.

Инвестициялар өсудің драйвері болып қала беруде.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,4%-ға артып, 3,5 трлн теңгені құрады. Оның ішінде жеке инвестициялар 20,9% өсті.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен жабдықтауға салынған инвестициялар көлемі 2,5 есе, ақпарат және байланысқа – 2 есе, ауыл шаруашылығына – 70,6%, саудаға – 28,2%, өңдеу өнеркәсібіне – 21,6%, көлік қызметтеріне – 7,9% өсті.

Инвестициялардың жоғары өсуі Жамбыл, Түркістан, Ұлытау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды.

Бұл ретте, Қостанай, Жетісу, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында және Шымкент қаласында айтарлықтай төмендеу байқалуда.

Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда сыртқы сауда айналымы 21,7 млрд долларды құрады.

Тауарлар экспорты 12 млрд долларды, оның ішінде өңделген тауарлардың экспорты 4,5 млрд долларды құрады.

Тауарлар импорты 9,6 млрд долларды құрады.

2,4 млрд доллардан астам көлемде оң сауда балансы сақталуда.

Ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда өңдеу өнеркәсібіндегі өсу 8,5%-ға дейін жеделдеді.

Өсу 18 өңірде тіркелді. Ең жоғары өсу Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жетісу, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалды.

Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында өндірістің төмендеуі тіркелді.

Өткен жылы экономикадағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12,7%-ға дейін өсті және екінші жыл тау-кен өнеркәсібінің үлесінен жоғары болып отыр.

Мұнай секторының жалпы ішкі өнімдегі үлесі екі есеге төмендеді. 2010 жылы 16,5%-дан 2024 жылы 8,1%-ға дейін.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *