Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында цифрлық трансформация газ саласының тиімділігін арттырудың маңызды құралы екенін атап өтті, деп хабарлайды Tech-news.
«Президент цифрландыруды мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізгі факторларының бірі ретінде айқындады. Бұл ретте цифрлық трансформация саланың тиімділігін арттырудың маңызды құралына айналуда. Жасанды интеллект министрлігіне Энергетика министрлігімен бірлесіп, газды есепке алудың бірыңғай цифрлық платформасын құруды қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді Олжас Бектенов.










