Искусственный Интеллект

Астанада AI олимпиадасы басталды: 106 елден 500-ден астам оқушы жиналды

Астанада Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада (IOAI) басталды. 2–8 тамыз аралығында өтетін додаға әлемнің 106 елінен келген 500-ден астам дарынды оқушы қатысып жатыр, деп хабарлайды Tech-news. 

Іс-шара барысында Мемлекет басшысы олимпиаданың құрылымымен, қатысушылар орындайтын тапсырмалармен және автономды роботтың жұмысымен танысты.

Биылғы олимпиада жасанды интеллект саласындағы теориялық біліммен ғана шектелмейді. Қатысушылар AI модельдерін әзірлеу және автономды роботтарды бағдарламалау бойынша практикалық тапсырмаларды орындап, өзара бақ сынайды.

Мұндай жарыстар мектеп оқушыларының алгоритмдік ойлауын, машиналық оқыту және робототехника саласындағы дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар халықаралық олимпиада жасанды интеллект бағытындағы жас таланттардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.

Астанада өтіп жатқан дода Қазақстанның AI саласындағы халықаралық бастамаларды қолдауға және елдің технологиялық экожүйесін дамытуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *