Без категории

Цифрландыру және ЖИ жобаларына басым қолдау көрсетілуге тиіс – Бектенов

Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық шешімдері бар жобаларды жүзеге асыруға жеке секторды белсенді тарту қажеттігін, сондай-ақ қаржыландыруда ЖИ қолдану деңгейі жоғары жобаларға қолдау көрсетілуі қажет екеніне назар аударды.

«Біз жасанды интеллект саласында мемлекеттік бастамалармен ғана шектеліп қалмауымыз керек. Жеке сектор мен оның бастамаларын белсенді түрде тарту мақсатында экономикалық ынталандыру құралдарын әзірлеу қажет.

Шешімдерді кеңінен тарату үшін бизнесте технологиялық икемділік, құзыреттілік және жылдам жүзеге асыру тәжірибесі бар.

Біз қазірдің өзінде жеке компаниялардың осы бағытта жақсы нәтижелерін көріп отырмыз.

Мұндай мысалдар экономиканың барлық саласында міндетті түрде кеңінен таратылуы керек. Қаржы институттары, ең алдымен, цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану деңгейі жоғары жобаларға қолдау көрсеткені жөн»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *