Интересное

Meta компаниясы Марк Цукербергтің «цифрлық клонын» жасап жатыр

Meta компаниясы Марк Цукербергтің жасанды интеллект нұсқасын жасап жатыр. Енді миллиардердің орнына қызметкерлермен оның «цифрлық клоны» байланысқа шықпақ, деп хабарлайды Tech-news Financial Times басылымына сілтеме жасап.

Құны 1,6 триллион долларға бағаланатын технологиялық алпауыт қазір нақты уақыт режимінде адаммен еркін сөйлесетін, фотореалистикалық 3D-аватарларды жасаумен айналысуда.

Басылымның жазуынша, ЖИ-Цукерберг Марктың тек даусын емес, оның мимикасын, сөйлеу мәнерін және қимыл-қозғалысын айнытпай қайталайды. Қызметкерлер немесе пайдаланушылар бұл кейіпкермен тікелей диалог құрып, сұрақтар қоя алады. Осы арқылы Meta жұмыс процестерін толықтай автоматтандыруға қадам жасап отыр.

Марк Цукерберг Meta-ны «Метаәлемнен» (Metaverse) «Жасанды интеллект» компаниясына айналдыруға күш салып жатыр. Егер бұл технология сәтті шықса, болашақта ірі компания басшыларына жиналыстарға қатысудың қажеті болмай қалуы мүмкін, себебі олардың «цифрлық егіздері» стратегиялық шешімдерді талқылап, тапсырма беріп отырады.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *