Искусственный Интеллект

Microsoft Copilot жұмыс процестерін өздігінен орындайтын AI-ассистентке айналады

Microsoft Copilot-ты ауқымды жаңартып, оны құжат дайындаудан бастап жұмыс тапсырмаларын орындауға дейінгі процестерді басқаратын AI-платформаға айналдырды. Компания жаңа тәсілді «жұмысқа арналған операциялық жүйе» концепциясы ретінде сипаттайды, деп хабарлайды Tech-news. 

Жаңартылған Copilot Microsoft Office құралдарын, GitHub Copilot мүмкіндіктерін және автономды AI-агенттерді бір ортаға біріктіреді. Платформа бірнеше негізгі құралдан тұрады.

Home бөлімі Copilot-пен сөйлесуге, жұмыс файлдарын талдауға және қажетті ақпарат бойынша ұсыныс алуға мүмкіндік береді. Ассистент Word, Excel және PowerPoint үшін құжаттар жасап, оларды кейін пайдаланушы өзі өңдей алады.

Code құралы мәтіндік тапсырма арқылы қосымшалар әзірлеуге арналған. Ол GitHub Copilot пен Microsoft IQ технологияларын пайдаланады. Яғни пайдаланушы қажетті өнімді сипаттап берсе, жүйе оны жасау процесіне қатыса алады.

Ал Autopilot Copilot ішіндегі ең автономды құрал болады. Пайдаланушы оған белгілі бір рөл мен мақсат қояды, ал AI агенті кездесулерді жоспарлау, еске салғыштар жіберу және жобаларды сүйемелдеу сияқты тапсырмаларды өздігінен орындайды.

Autopilot бұлтта тәулік бойы жұмыс істеп, Microsoft Teams, Outlook және жұмыс құжаттарымен өзара әрекеттесе алады. Бұл Copilot-тың тек сұрақтарға жауап беретін ассистенттен нақты тапсырмаларды орындайтын агенттік жүйеге қарай дамып жатқанын көрсетеді.

Microsoft-тың жаңа тәсілі бұған дейін таныстырылған Project Aion тұжырымдамасына да ұқсайды. Ол Copilot негізіндегі дербес операциялық орта идеясын қарастырып, пайдаланушының қосымшалармен дәстүрлі интерфейс арқылы емес, негізінен чат арқылы жұмыс істеуін көздейді.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *