TechОбщество

Қазақ тілін дамытуға OpenAI көмектеседі: 14 млрд токендік дерекқор жиналды

Қазақстанда қазақ тілін жасанды интеллект технологиялары арқылы дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы OpenAI компаниясымен бірлескен жоба аясында 14 миллиард токеннен тұратын мәтіндік корпус қалыптастырып, 12 мың сағаттық аудиожазба жинаған, деп хабарлайды Tech-news. 

Бұл туралы қоғам президенті Рауан Кенжеханұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген есебінде мәлімдеді.

Жобаның негізгі мақсаты — қазақ тілінің цифрлық ортадағы мүмкіндіктерін кеңейтіп, оны жасанды интеллект жүйелерінде тиімді қолдануға жағдай жасау. Жиналған мәтіндік және аудио деректер тілдік модельдерді дамытуға, қазақша мәтін мен сөйлеуді өңдеу сапасын жақсартуға негіз бола алады.

Сонымен қатар соңғы үш жылда Disney, Pixar және Sony студияларының 13 танымал фильмі қазақ тіліне дубляждалып, үлкен экранға шыққан. Бұл қазақтілді контенттің ауқымын кеңейтіп, көрерменге ана тілінде халықаралық туындыларды тамашалауға мүмкіндік берді.

Кездесу барысында Qazaq Tili Endowment қорының жұмысы да таныстырылды. Қазіргі уақытта қордағы жарналардың жалпы көлемі 824 миллион теңгеге жеткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қызметіне жоғары баға беріп, алдағы жобаларына сәттілік тіледі. Президент жасанды интеллект әлеуетін мемлекеттік тілді үйрену мен оқытуда, сондай-ақ ғылыми әдебиеттерді аудару кезінде кеңінен пайдаланудың маңызын атап өтті.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *