Индустрия

Қазақстанда байланыс сапасы төмен аумақтардың 71% қамтылды

Қазақстанда мобильді байланыс сапасы төмен деп танылған 427 аумақтың 301-інде желі жұмысы жақсарды. Бұл — 2024–2026 жылдары анықталған проблемалы аймақтардың 71%. Қалған аумақтардағы байланысты жақсарту жұмыстары жалғасады. Бұл туралы Үкімет отырысында «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясының басқарма төрағасы Александр Бабичев мәлімдеді, деп хабарлайды Tech-news. 

Оператор байланыс сапасын арттыру үшін жергілікті әкімдіктермен бірлесіп жұмыс істейді. Негізгі міндеттердің бірі — жаңа базалық стансаларды орналастыруға жер бөлу және оларды қажетті инфрақұрылымға қосу.

2026 жылы бес облыста 322 жаңа базалық станса салынды. Тағы 226 стансаның жабдықтары жаңартылды. Келесі жылы бұл тәжірибені Қазақстанның өзге өңірлеріне де тарату жоспарланып отыр.

Компания байланыс инфрақұрылымын кеңейтумен қатар, желіні басқару жүйесіне жасанды интеллект технологияларын енгізіп жатыр.

Қазір AI жүйелері шамамен 2,5 мың базалық стансаның жұмысын талдайды. Олар желідегі жүктемені реттеуге, ақауларды ерте анықтауға және жабдық параметрлерін автоматты түрде өзгертуге көмектеседі.

Александр Бабичевтің айтуынша, осы технологиялардың көмегімен байланыс сапасы нашар болған 204 аумақта желі жұмысы қалпына келтірілген.

Компания алдағы уақытта 5G желісін пайдаланатын абоненттер санын 5 миллионға дейін арттыруды көздеп отыр. Бұл мақсатқа жету үшін желіні кеңейту, қолданыстағы стансаларды жаңарту және инфрақұрылымды AI арқылы тиімді басқару жұмыстары жалғасады.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *