Индустрия

Қазақстанда деректер орталықтарын іске қосу кестесі екі ай ішінде бекітіледі

Қазақстанда салынып жатқан деректерді өңдеу орталықтары электр қуатымен, инженерлік желілермен және тұрақты сұраныспен қамтамасыз етілуі тиіс. Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға инвесторлармен бірлесіп, негізгі және жоспардағы нысандарды іске қосу кестесін екі ай ішінде бекітуді тапсырды, деп хабарлайды Tech-news. 

Үкімет отырысында Бектенов цифрлық экономиканы дамыту мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізу үшін жоғары есептеу қуаты қажет екенін атап өтті. Осы бағытта елде бірнеше ірі деректер орталығының құрылысы жүріп жатыр.

Алайда Премьер-министрдің айтуынша, мұндай нысандарды салу жеткіліксіз. Жобаны жоспарлау кезінде оның қанша электр энергиясын тұтынатынын, инженерлік желілерге қалай қосылатынын және есептеу қуатын кім пайдаланатынын алдын ала анықтау қажет.

Үкімет басшысы инфрақұрылымы дайын болмағандықтан немесе қызметіне сұраныс болмағандықтан, салынған орталықтардың бос тұрып қалуына жол бермеу керегін айтты.

Жасанды интеллект және цифрлық даму, Энергетика министрліктеріне инвесторлармен бірге екі ай мерзімде деректер орталықтарын іске қосу кестесін әзірлеу тапсырылды. Құжатта қажетті электр қуатын бөлу, инженерлік желілерге қосу және орталықтардың толық жүктемемен жұмыс істеуін қамтамасыз ету шаралары қамтылуы тиіс.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *