TechПолитика

Тоқаев дарынды балаларға берілетін сыйақыны кеңейтуді тапсырды

Қазақстанда дарынды оқушыларды қолдау шаралары күшейтіледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиадалармен қатар, ғылыми жобалар байқауында жеңіске жеткен оқушыларға да ақшалай сыйақы беруді тапсырғанын айтты, деп хабарлайды Tech-news. 

Мемлекет басшысының сөзінше, цифрлық дәуірде адами капитал елдің басты артықшылықтарының біріне айналып отыр. Қазақстандық оқушылардың халықаралық зияткерлік олимпиадалардағы нәтижелері де олардың бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді.

Тоқаев жаңа оқу жылында дарынды балаларды қосымша ынталандыру шараларын қабылдауды тапсырғанын атап өтті. Енді оқушылардың жетістіктері олимпиадалармен ғана шектелмей, ғылыми жобалардағы нәтижелері бойынша да бағаланады.

Президент озық технологиялар мен жастардың зияткерлік әлеуеті қатар дамыса, оның экономикалық әсері де жоғары болатынын айтты. Бұл бағытта Қазақстанда жаңа стартаптар пайда болып, алғашқы «сыңармүйіз стартаптар» қалыптаса бастаған.

Мемлекет басшысы осы тәжірибені кеңейту үшін білім беруді инновациялық экожүйенің негізгі бөлігіне айналдыру қажет деп санайды.

Сондай-ақ Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында білім беру саласын басқарудың платформалық үлгісіне көшу басталғанын айтты. Бұл тәсіл цифрлық құралдарды білім беру процесіне жүйелі түрде енгізуге бағытталған.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *