Қазақстанның табиғи байлығын сақтау, сирек кездесетін жануарлар дүниесін қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, деп хабарлайды Tech-news.
Осы мақсатта ҚР Президенті Іс басқармасының «ҚР Президентінің Телерадиокешені» ШЖҚ РМК «Green Frontier» атты ауқымды деректі жобасын жүзеге асырды.
14 бөлімнен тұратын деректі фильмдер циклі «Silk Way» телеарнасында көрсетіліп, алты тілде көрерменге жол тартты.
Табиғатты қорғау – ортақ міндет
2025 жылғы 14 наурызда Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биологиялық әртүрлілікті сақтау мәселесіне ерекше назар аударып, экожүйеге түсетін жүктеменің артып келе жатқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Үкіметке мамандарды тарта отырып, қалыптасқан жағдайды жан-жақты зерделеуді және теңгерімді шешімдер қабылдауды тапсырды.

Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – «Green Frontier» деректі жобасы. Оның негізгі мақсаты – Қазақстанның қайталанбас табиғатын, бай биоалуантүрлілігін және сирек кездесетін жануарлар дүниесін қорғау жолындағы жұмыстарды кеңінен таныстыру. Сонымен қатар жоба қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырып, табиғатты сақтау ісіне қоғам назарын аударуды көздейді. Жобаның тағы бір ерекшелігі түсірілімнен бөлек ЖИ кеңінен пайдаланып табиғат пен тылсым оқиғалардың үлесімін замануй технодогиялар мен ИИ креаторлардың көмегімен жүзеге асты.
«Green Frontier» жобасы аясында еліміздің табиғи байлығын, қорықтары мен ұлттық парктерінің ерекшеліктерін таныстыратын ондағы қызмет етіп жүрген инспекторлар мен ғылыми мамандардың жұмыстарының қыр сырын көрсеткен.
Фильмдер циклінде Қазақстанның бірегей экожүйелері, табиғи аумақтарды қорғау шаралары және жануарлар дүниесін сақтау бағытындағы жұмыстар қамтылған. Әсіресе киік, қар барысы, құлан, қарақұйырық секілді сирек кездесетін жануарлар популяциясын қалпына келтіру мен қорғау мәселелеріне басымдық берілген.

Деректі фильмдер көрерменге табиғаттың әсемдігін көрсетіп қана қоймай, оның тепе-теңдігін сақтау үшін атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарды да таныстырады. Экожүйені қорғау, жануарлар популяциясын бақылау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану сияқты маңызды мәселелер жоба мазмұнының өзегіне айналған.
Осылайша, деректі фильмдер Қазақстанның табиғи мұрасын сақтауға бағытталған бастамаларды таныстырып, бұл іске үлес қосып жүрген мамандардың жауапты қызметін насихаттайды.

Алты тілде ұсынылған халықаралық жоба
«Green Frontier» деректі фильмдер циклі «Silk Way» телеарнасының эфирінен көрсетілді. Жоба қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қырғыз және өзбек тілдерінде жарық көрді.
Көптілді форматтың басты мақсаты – Қазақстанның табиғи байлығын халықаралық аудиторияға кеңінен таныстыру. Жобаның негізгі көрермендері – шетел азаматтары мен әлемнің әр түкпірінен келетін туристер.
Бұл бастама шетелдік көрермендерге Қазақстанның қорықтары мен ұлттық парктерінің табиғи ерекшеліктерін танып-білуге, сирек кездесетін жануарларды сақтау бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жоба Қазақстанның экологиялық әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға және еліміздің табиғи мұрасына деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.











