TechЭкономика

Биыл 4 жел электр станциясы іске қосылады

Энергетика министрі Ерлан Ақкенжеев Үкімет отырысында 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы Отын-энергетика кешенінің даму қорытындыларын таныстырды. Басты басымдық – елдегі электр энергиясының тапшылығын жою және жасыл энергетиканы дамыту, деп хабарлайды Tech-news.

2026 жылы электр энергиясы тапшылығын азайту үшін шамамен 2,4 гигаватт электр қуатын енгізу жоспарлануда, оның ішінде:

1. Түркістан облысындағы бу-газ қондырғысы – 1 000 мегаватт;

2. Алматы қаласындағы екінші жылу электр орталығы алаңындағы бу-газ қондырғысы – 557 мегаватт;

3. Алматы қаласындағы үшінші жылу электр орталығы алаңындағы бу-газ қондырғысы – 544 мегаватт;

4. Қызылорда облысындағы бу-газ қондырғысы – 240мегаватт;

5. «Атырау жылу электр орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қуаттылығы – 59,6 мегаватт болатын он бірінші турбиналық агрегатын және он бесінші қазандықты енгізу;

6. «Текелі энергокешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қуаттылығы – 17 мегаватт болатын үш қазан-пайдалану қазандығын және генератормен бу турбинасын енгізу.

Жаңартылатын энергия көздері объектілерінен электр энергиясын өндіру көлемі 2,3 млрд. киловатт-сағат немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 115% құрады.

2026 жылғы болжам – 8,8 млрд. киловатт-сағат.

Сонымен қатар, биыл жалпы қуаты шамамен 245  мегаватты құрайтын жел энергетикасының 4 нысанын, күн энергетикасының 5  нысанын және су энергетикасының 1нысанын іске қосу жоспарлануда.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *