Искусственный Интеллект

ChatGPT енді дауыспен тапсырмаларды орындай алады

OpenAI ChatGPT-тің дауыс режимін жаңа деңгейге көтерді. Енді пайдаланушы тек сұрақ қойып қана қоймай, дауыспен бірнеше қадамнан тұратын тапсырмаларды да бере алады: құжат жасау, қосылған сервистермен жұмыс істеу немесе браузердегі әрекеттерді орындау. Жаңартылған мүмкіндік веб-нұсқада және мобильді құрылғыларда қолжетімді, деп хабарлайды Tech-news. 

Жаңа жүйенің негізінде GPT-Live-1 дауыстық моделі тұр. Ол әңгімені нақты уақыт режимінде жүргізіп, пайдаланушы сөйлеп жатқанда тыңдай алады. Ал күрделірек есептеулер мен құралдарды қажет ететін тапсырмаларды жүйе басқа модельдер мен агенттерге бере алады.

Мысалы, Voice арқылы пайдаланушы ChatGPT-тен кесте немесе презентация дайындауды, қосылған қолданбалармен жұмыс істеуді немесе браузерде белгілі бір әрекеттерді орындауды сұрай алады. Кей тапсырмалар пайдаланушыдан экранда қосымша растауды талап етеді. 

Бұл өзгеріс Voice функциясының рөлін де кеңейтеді. Бұған дейін ол негізінен ChatGPT-пен сөйлесудің ыңғайлы тәсілі болса, енді дауыс интерфейсі нақты тапсырмаларды басқару құралына айналып келеді.

OpenAI-дің айтуынша, GPT-Live күрделі жұмыс жүріп жатқан кезде де дауыстық диалогты жалғастыра алады. Яғни пайдаланушы тапсырманың орындалуын күтіп отырмай, жүйемен сөйлесуді жалғастыра береді. 

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *