TechОбщество

Қазақстанда 1,6 мың ауылды интернетке қосу жоспарланған

Қазақстанда жыл соңына дейін 1,6 мың ауылды интернетке қосу көзделіп отыр. Қазір олардың 370-іне байланыс желісі тартылып, ауылдарға баратын желілердің жалпы ұзындығы 11 819 шақырымға жетті, деп хабарлайды Tech-news. 

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Ауылдарды интернетпен қамту жұмысы елдегі байланыс инфрақұрылымын кеңейту жоспарының бір бөлігі. Сонымен қатар 2027 жылы облыстық және республикалық маңызы бар 40 мың шақырым автожолды мобильді байланыспен қамту жоспарланып отыр. Ол үшін 500-ден астам антенна-діңгек құрылымын орнату көзделген.

Мобильді интернет инфрақұрылымы да кеңейіп келеді. Қазір 20-дан астам қалада 5G желісінің 4 мыңнан астам базалық станциясы жұмыс істейді.

Қазақстанда Beeline және Starlink Mobile компанияларымен бірге Direct-to-Cell технологиясы да іске қосылды. Бұл технология спутник пен смартфонды тікелей байланыстырып, ұялы байланыс инфрақұрылымы жоқ жерлерде хабарлама жіберуге және интернеттің базалық қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.

Интернетпен қамту жұмыстары көлік саласына да қатысты. 50 теміржол бағыты бойынша қатынайтын 124 пойыздың 1 500 вагоны интернетке қосылды. Сонымен бірге жеті ұшақ пен 50 туристік нысанды интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр.

Ал «Батыс – Шығыс» гипермагистралінің жалпы ұзындығы 4 511 шақырымды құрайды. Оның жартысына жуығы тартылып үлгерді.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *