TechОбщество

Қазақстанда жануарларды eGov Mobile арқылы SMS-кодсыз тіркеуге болады

25 қарашадан бастап Қазақстанда үй жануарларын тіркеу кезінде иесінің жеке деректерін eGov Mobile қосымшасы арқылы растауға мүмкіндік туды. Енді бұл үшін SMS-код күтудің қажеті жоқ: смартфондағы қосымша арқылы QR-кодты сканерлеу жеткілікті, деп хабарлайды Tech-news. 

Жаңа тәсіл бойынша жануар иесі eGov Mobile қосымшасын ашып, жүйеде көрсетілген QR-кодты сканерлейді. Осыдан кейін оның ЖСН-і мен аты-жөні автоматты түрде тіркеу жүйесіне енгізіледі.

Бұған дейін қолданылған 1414 нөмірінен SMS арқылы растау тәсілі де сақталады. Бұл мүмкіндік смартфоны жоқ азаматтарға да қолжетімді.

eGov Mobile қосымшасын Google Play және App Store платформаларынан жүктеуге болады.

Жаңашылдықтың мақсаты – үй жануарларын тіркеу рәсімін жеңілдетіп, азаматтардың уақытын үнемдеу.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда үй жануарларын ұстау және серуендету ережелеріне өзгерістер енгізілген болатын. Жаңа талаптарға сәйкес, жануарды әрі қарай асырау мүмкіндігі болмаған жағдайда, иесі немесе оған жауапты тұлға жануарды баспанаға орналастыруға, уақытша ұстау орнына тапсыруға немесе оны тиісті күтіммен қамтамасыз ете алатын адамға беруге міндетті.

Сонымен қатар жануардан бас тарту оны басқа адамға ресми тапсырғанға, баспанаға өткізгенге немесе уақытша ұстау орнына орналастырғаннан кейін оның құқықтық мәртебесі анықталғанға дейінгі жауапкершіліктен босатпайды.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *