TechОбществоTop

Ұлыбритания мектептерінде смартфон ұстауға тыйым салынды

Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер қоғам мен оппозицияның қысымынан кейін Англияның барлық мектебінде смартфондарға толықтай тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұған дейін бұл мәселе тек «ұсыныс» ретінде айтылып келсе, енді ол міндетті талапқа айналмақ, деп хабарлайды Tech-news Financial Times-қа сілтеме жасап. 

Үкімет неге райынан қайтты?

Бастапқыда лейбористер үкіметі мектеп директорларына тек нұсқаулық берумен шектелгісі келген еді. Алайда Консерваторлар партиясы мен ата-аналар қауымдастығы бұл шараның жеткіліксіз екенін айтып, мәселені Лордтар палатасына дейін жеткізді. Нәтижесінде үкімет заң жобасына түзетулер енгізуге мәжбүр болды.

Бұл шешімнің басты ерекшеліктері: Енді мектеп директорлары үшін смартфонға тыйым салу — орындалуға тиіс заңды міндеттеме. Білім беру министрлігінің мәлімдеуінше, смартфондардың сабақ үстінде мүлдем қолданылмайды. Бұл қадам оқушылардың зейінін арттырып, мектеп ішіндегі тәртіпті жақсартуға бағытталған. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, ата-аналардың тек 5 пайызы ғана балалардың сабақта телефон қолдануын қолдайды.

Тыйым бар, бірақ талап орындала ма?

Мектеп басшылары бұл бастаманы қолдағанымен, техникалық мәселелерге алаңдаулы. Мектеп және колледж жетекшілері қауымдастығының бас хатшысы Пепе Ди’Иасидің айтуынша, басты мәселе — телефондарды қалай сақтау. Ол үкіметтен смартфондарды қауіпсіз сақтайтын арнайы жәшіктер немесе құлыпталатын қаптар (pouches) үшін қаржы бөлуді сұрап отыр.

Бұл тыйым — Ұлыбританияның балаларды цифрлық және зиянды әсерлерден қорғауға бағытталған кеңірек стратегиясының бір бөлігі. Сонымен қатар, Британия парламенті 2008 жылдан кейін туғандарға темекі сатуға өмірлік тыйым салуды да мақұлдады. Премьер-министр Стармер келесі кезекте Австралияның тәжірибесіне сүйеніп, 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салу мәселесін де қарастырып жатқан көрінеді.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *