Нейросети

Қазақстанда NVIDIA B300 негізіндегі жаңа суперкомпьютер іске қосылады

Қазақстанда биыл қазан айында NVIDIA B300 платформасына негізделген жаңа суперкомпьютер іске қосылуы мүмкін. Жаңа есептеу кластері іске қосылғаннан кейін «Қазақтелеком» экожүйесіндегі жоғары өнімді есептеу қуаты төрт есеге ұлғаяды, деп хабарлайды Tech-news. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдап, қордың биылғы бес айдағы қызметі мен алдағы даму жоспарымен танысты.

Кездесу барысында Нұрлан Жақыпов 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» активтерінің көлемі 88 млрд долларға жеткенін мәлімдеді. Сонымен қатар биыл жалпы құны 3,3 трлн теңгені құрайтын 16 ірі жоба жүзеге асырылмақ.

Олардың қатарында Мойынты – Қызылжар және Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілерінің құрылысы, Қашағандағы газ өңдеу зауыты, Алматыдағы екінші жылу электр орталығын жаңғырту, гибридті электр станциясын салу және Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жобалары бар.

Цифрлық инфрақұрылым бағытындағы маңызды бастамалардың бірі – NVIDIA B300 архитектурасына негізделген жаңа суперкомпьютер кластері. Ол биыл қазан айында іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Жаңа жүйе пайдалануға берілгеннен кейін «Қазақтелеком» құрамындағы жоғары өнімді есептеу инфрақұрылымының қуаты төрт есеге артады. Бұл жасанды интеллект модельдерін оқыту, үлкен көлемдегі деректерді өңдеу және ғылыми есептеулер жүргізу мүмкіндіктерін кеңейтпек.

Бұдан бөлек, қордың әлеуметтік жобалары аясында жыл сайын шамамен 1 млн қазақстандыққа қолдау көрсетілетіні айтылды. Ал «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде 2024-2025 жылдары 5,8 млн ағаш отырғызылған. Жалпы 2023-2026 жылдары 856 млрд теңгеге 100-ден астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылған.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы негізгі инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *