Индустрия

Қазақстан мен Ресей ғарыш ынтымақтастығының келесі кезеңін талқылады

Байқоңыр ғарыш айлағында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Бакановпен кездесті. Келіссөздің негізгі тақырыбы Қазақстан мен Ресей бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенінің қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары болды, деп хабарлайды Tech-news. 

Кездесу барысында тараптар 2026 жылғы 30 сәуірде «Бәйтерек» кешенінен ұшырылған «Союз-5» зымыран-тасығышының алғашқы сынақ миссиясының сәтті өткенін атап өтті. Бұл жоба аясындағы маңызды кезеңдердің бірі саналады.

Сонымен қатар, келіссөздерде жобаны әрі қарай дамытуға қатысты басым бағыттар талқыланды. Атап айтқанда, «Байқоңыр» кешені бойынша Үкіметаралық комиссия қабылдаған шешімдердің орындалу барысы, ғарыш инфрақұрылымын жаңғырту және Қазақстан мен Ресейдің ғарыш саласындағы стратегиялық серіктестігін нығайту мәселелері қарастырылды.

«Бәйтерек» жобасы Байқоңырдағы қолданыстағы инфрақұрылымды жаңартып, жаңа буын «Союз-5» зымырандарын ұшыруға арналған кешенді қалыптастыруды көздейді. Жоба Қазақстанның ғарыш саласындағы әлеуетін дамытуға және Байқоңырдың ұзақ мерзімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *