TechОбщество

Қазақстанда медицинадағы жасанды интеллектіні қолдану тәртібі бекітілмек

Қазақстанда медицина саласында жасанды интеллектіні қолдануға бірыңғай талаптар енгізу ұсынылды. Құрылтай депутаттарына бірінші оқылымда таныстырылған заң жобасы медициналық қызметтерді цифрландыруды, қағазбастылықты азайтуды және науқастардың дербес деректерін қорғауды көздейді, деп хабарлайды Tech-news. 

Құжатты Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев таныстырды.

Жаңа ережелерге сәйкес, жасанды интеллект дәрігерлерге диагноз қою мен емдеу тактикасын таңдауда көмекші құрал ретінде қолданылады. Алайда соңғы шешім қабылдау құқығы медициналық маманның өзінде қалады. Министрлік бұл талаптарды пациенттердің қауіпсіздігін ескере отырып енгізуді жоспарлап отыр.

Заң жобасында азаматтардың денсаулығына қатысты ақпаратты электронды сервистер арқылы алу құқығын бекіту де қарастырылған. Сонымен қатар медициналық араласуға берілетін ақпараттандырылған келісімді қағазсыз, цифрлық форматта рәсімдеуге мүмкіндік жасалмақ.

Бұдан бөлек, медициналық қызметкерлер цифрлық жүйелерге енгізетін мәліметтердің дұрыстығына жауапты болады. Министрлік медициналық деректерді қорғау шараларын күшейтіп, ақпараттық жүйелердегі заңбұзушылықтардың алдын алу тетіктерін жетілдіруді ұсынады.

Бұл өзгерістер медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырып, дәрігерлердің қағазбастылығын азайтуға және пациенттердің құқықтарын қорғауға бағытталған.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *