TechПолитика

Digital Qazaqstan: Үкімет мемлекеттік қызметтерді ЖИ арқылы жаңғыртуды талқылады

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мен жасанды интеллект негізінде жаңа сервистер құру жұмысы жеделдетіледі. Бұл мәселе Премьер-министр Олжас Бектенов төрағалық еткен Үкімет отырысында қаралды, деп хабарлайды Tech-news. 

Жиынның негізгі тақырыбы — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканың және қоғамның барлық салаларын цифрлық трансформациялау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру. Үкімет мемлекеттік қызметтерді ЖИ технологияларымен дамытуға және азаматтар мен бизнеске көрсетілетін сервистерді одан әрі цифрландыруға басымдық беріп отыр.

«Мемлекет басшысы еліміз цифрлық даму тұрғысынан стратегиялық таңдау жасағанын әрдайым атап өтуде. Бұл орайда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы алдымызда тұрған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған бастапқы қадамға айналды. Биыл маусым айында «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы бекітілді. Онда мемлекеттік қызметтерді цифрландыру негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындалды»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Стратегия аясында мемлекеттік қызметтерді жасанды интеллектпен толықтыру, цифрлық сервистердің сапасын арттыру және азаматтар мен бизнеске көрсетілетін қызметтерді барынша ыңғайлы форматқа көшіру мәселелеріне назар аударылмақ.

Үкімет отырысында осы бағыттағы жұмыстардың қазіргі барысы және Президент тапсырмаларының орындалу деңгейі қаралды.

Shares:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *